13
октябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы: «Болашаққа жол: дұрыс мамандық таңдаудың сырлары»

Бүгін мектебімізде кәсіби бағдар беруші Қалыбек Аружан Мақсұтқызы 11 «А» және 11 «Ә» сынып оқушыларына арналған
«Болашаққа жол: дұрыс мамандық таңдаудың сырлары» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме сабақ өткізді.
Сабақ барысында:
* сұранысы жоғары және сұранысы төмен мамандықтар тізімі таныстырылды;
* Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен олардың шекті балдары туралы мәлімет берілді;
* биылғы түлектерге қатысты статистикалық деректер көрсетілді;
* оқушылар өз қабілеттері мен бейімділіктерін анықтауға арналған тест тапсырмаларын орындады.
Сабақтың мақсаты – түлектерге саналы таңдау жасауға, өз болашағын дұрыс бағытта жоспарлауға көмектесу.
https://www.instagram.com/reel/DPvv9DaDAoY/?igsh=MXUxMjNjNzRwYnNrOQ==