21
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы: XXIV Қазақстан халықаралық «Білім және мансап» көрмесі



Кәсіби бағдар берушінің ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы «Атакент» көрме орталығында өткен XXIV Қазақстан халықаралық «Білім және мансап» көрмесіне 9–11 сынып оқушылары апарылды. Экскурсия барысында оқушылар көрмені аралап, түрлі білім беру ұйымдарының таныстырылымдарына қатысты.Аталған международтық көрмеге шетелдік және қазақстандық жоғары оқу орындары, колледждер, білім орталықтары мен халықаралық бағдарламалар қатысты. Оқушылар әр оқу орны туралы мәлімет алып, мамандықтар, гранттар, қабылдау талаптары және шетелде оқу мүмкіндіктерімен танысты.
Көрменің мақсаты:
– оқушыларды қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары ұсынатын білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру;
– болашақ мамандық туралы саналы таңдау жасауға көмектесу;
– оқушылардың кәсіби бағдарын дамыту және білімге деген қызығушылығын арттыру;
– шетелде білім алу бағдарламалары мен халықаралық академиялық мобильділік туралы ақпарат беру.
https://www.instagram.com/reel/DRPXfX4DHOv/?igsh=NXdmdWJxb2hwMDJw