Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2025

Кәсіби бағдар беру жұмысы: Samal_water кәсіпорны


Кәсіби бағдар берушінің ұйымдастыруымен 7 «Б» сынып оқушыларына арнап Samal Water кәсіпорнына оқу-танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға оқушылар сынып жетекшісімен бірге барып қайтты.
Экскурсия дегеніміз – білім алушылардың белгілі бір мекемеге, өндіріс орнына немесе табиғи нысанға барып, сол жердің жұмысымен, өндіріс процесімен, қызмет көрсету ерекшеліктерімен танысуға бағытталған оқу іс-шарасы. Экскурсия оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, теориялық білімін нақты тәжірибемен байланыстыруға көмектеседі.

Экскурсияның мақсаты:
– оқушыларды Samal Water кәсіпорнының қызметімен таныстыру;
– ауыз суды өндіру, тазарту және қаптау технологиялары туралы түсінік беру;
– табиғи судың сапасын бақылау және қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту;
– оқушылардың өндіріс саласына қызығушылығын арттыру және кәсіби бағдар беру.

https://www.instagram.com/reel/DRPXfX4DHOv/?igsh=NXdmdWJxb2hwMDJw

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: