09
январь
2026
Балалар кітапханасы
Балалар кітапханасы жобасы аясында «Қысқы ертегілер» атты танымдық іс-шара өткізілді. Шара барысында балалар қыс мезгіліне арналған ертегілер мен қызықты шығармалармен танысты. Қатысушылар ертегі кейіпкерлерін сахналап, өлеңдер оқыды. Іс-шара балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырып, қиялы мен шығармашылық дағдыларын дамытуды мақсат етті.



