Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренингтік сабақтар
15
январь
2026

Эмоционалды интеллектті дамытуға арналған тренингтік сабақтар


    «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында педагог-психолог Жанар Атагельдиевна 4-сынып оқушыларымен, Рәбина Қобланқызы 7-8-9-10 сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу ұйымдастырды. Жаттығудың мақсаты – балалардың бір-біріне деген мейірімділігін арттыру, достық қарым-қатынасты нығайту, өз сезімдерін танып, дұрыс жеткізе білуге үйрету.
   Жаттығу барысында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, сыныпта жағымды атмосфера қалыптастырды. «Өрмекші торы» арқылы балалар өзара байланысты, достық пен қолдаудың маңызын түсінді. Әр бала өзін ортақ топтың бір бөлшегі ретінде сезініп, сенімділік пен ашықтыққа үйренді.
   

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: