Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті
24
январь
2026

«Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті

      Бүгін мектебімізде «Болашаққа бірге қадам: цифрлық ортадағы баланың білімі, қауіпсіздігі және тәрбиесі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында қазіргі заман талабына сай бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер қозғалды.
       Кездесуді мектеп басшысы Мөлдір Үсенқызы жүргізіп, жиналыстың мақсаты мен күн тәртібін таныстырды. Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Зәуре Молдасадыққызы  І жартыжылдықтың қорытындысы мен білім сапасына тоқталды.
      Жиналыстың маңызды бөлігі – ақын, аудармашы, педагог, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты Саят Қамшыгердің қатысуы болды. Ол ата-аналар мен оқушыларға «Тәрбие баспалдағы» тақырыбы аясында үздіксіз кітап оқудың тұлға қалыптастырудағы маңызын терең ойлармен жеткізді.
     Педагог-психолог  Рәбина Қобыланқызы тренинг өткізіп, ата-аналармен кері байланыс орнатса, мектеп медбикесі  Зора Амиргалиевна оқушы денсаулығын сақтау мәселесіне ерекше тоқталды. Жиналыс ата-аналар үшін пайдалы ақпарат пен ой салатын мазмұнға толы болып, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті.
Жиналыс ата-аналар үшін пайдалы ақпарат пен ой салатын мазмұнға толы болып, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайта түсті.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: