02
февраль
2026
«Жасампаздық пен жаңашылдық» құндылығына арналған сынып сағаты
2026 жылдың 2 ақпан күні мектепте 1–11 сынып оқушыларына арналған «Адал азамат» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламалары аясында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының негізгі тақырыбы «Жасампаздық пен жаңашылдық» құндылығына арналды. Іс-шара барысында оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, жаңашыл бастамаларға ұмтылу, қоғамға пайдалы идеяларды қолдау мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, сынып сағаты барысында қауіпсіздік сабағы (10 минут) ұйымдастырылып, оқушыларға өмір қауіпсіздігі, жолда және қоғамдық орындарда өзін-өзі дұрыс ұстау ережелері түсіндірілді.
«КӨМЕК» жобасы аясында (10 минут) оқушылар арасында өзара көмек көрсету, мейірімділік, жауапкершілік пен жанашырлық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, құқықтық білім беру бағыты бойынша (10 минут) оқушыларға құқықтары мен міндеттері туралы мәлімет беріліп, заң талаптарын сақтау, тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығы айтылды.
Аталған сынып сағаты оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға және адал, жауапты тұлға тәрбиелеуге ықпал етті.