Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
февраль
2026

«Жырлайды жүрек» атты поэзиялық-ән байқауы

2026 жылдың 9 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай мектебімізде 1–10 сынып оқушылары арасында «Жырлайды жүрек» атты поэзиялық-ән байқауы ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.

Байқау екі номинация бойынша өтті. І кезең — «Айтып өткен ақында арман бар ма?» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу номинациясы. Бұл кезеңде қатысушылар ақын шығармаларын көркемдік талғаммен, жоғары шеберлікпен орындап, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

ІІ кезең — «Есіңе мені алғайсың» Мұқағали сөзіне жазылған әндерді орындау номинациясы. Бұл кезеңде оқушылар музыкалық қабілеттерін танытып, сахналық мәдениеті мен орындаушылық шеберліктерін көрсете білді.

Байқау қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен үздік өнер көрсеткен қатысушылар байқау жеңімпаздары атанып, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

І кезең — «Айтып өткен ақында арман бар ма?» Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін жатқа, мәнерлеп оқу номинациясы бойынша:

1 А      Базаралы Баян – ІІІ орын

1 Ә      Әбдірәсіл Ұлпан – ІІІ орын

1 Б      Батырхан Айым – ІІ орын

2 А      Қайрат Заңғар – ІІ орын

2 Ә      Абдуназаров Бағлан – ІІІ орын

2 Б      Шолпанбаева Аяла – Бас жүлде

2 В      Жақсыбек Айқаракөз – І орын

3 А      Сабирхан Айзере – ІІ орын

3 Б      Серік Мұхамеджан – ІІІ орын

4 А      Өмірзақ Алиша – І орын

4 Ә      Рахимжанова Айша – ІІ орын

4 Б      Жанел Айбибі – Бас жүлде

5 Ә      Есболова Камила – ІІІ орын

5 Б      Боранбай Ақжібек – ІІ орын 

6 А      Кошкинбаева Сабриназ – І орын

6 Ә      Шамсиддин Дидар – ІІІ орын

6 Б      Мұхтарбек Еркежан – Бас жүлде 

7 А      Шарипхан Аружан – ІІ орын

7 Ә      Мейлетхан Жанбибі – ІІІ орын 

8 Ә      Төремахан Аяулым  - ІІІ орын 

8 Б      Болат Альфия – ІІІ орын 

9 А      Оспанова Камила – Бас жүлде

9 Ә      Бақытбек Ерқанат – ІІІ орын 

10 А    Еркін Инабат – І орын

10 Ә    Еруланқызы Айгерім – ІІ орын

10 Б    Нұрсұлтанова Адиля – ІІ орын

ІІ кезең — «Есіңе мені алғайсың» Мұқағали сөзіне жазылған әндерді орындау номинациясы бойынша:

1Б       Балтабек Раяна  - І орын

2А       сынып оқушылары – ІІІ орын 

2Б       сынып оқушылары – Бас жүлде

4 Ә      Қажымұхан Әдемі  - ІІ орын

4 Б      сынып оқушылары – ІІ орын

6А       сынып қыздары – ІІ орын

6Ә       сынып қыздары – ІІІ орын 

6Б       сынып қыздары – ІІІ орын 

7 А      Балтабек  Айзере – Бас жүлде

7Б       Боранбай Ақжүніс  - ІІ орын

8Б        Ержанқызы Айлин – ІІ орын

9 Ә       Абдрахманов Амир  - І орын иеленді.

Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық рухты нығайтуға, поэзия мен өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға зор үлес қосты.

https://www.instagram.com/p/DUnLDj1CAKt/?igsh=MXV6bXY3bnp2bXRkZg==


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: