«Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында тағылымды кездесу кеші
Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 19 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет» тақырыбында тағылымды кездесу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараның құрметті қонақтары — Ауған соғысының ардагері, “Жауынгер” қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары, мемлекеттік “Ерлік үшін” медалінің иегері Жорабаев Асқар Абдалыұлы, сондай-ақ Алматы қаласы Әуезов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, подполковник Битикбаев Руслан Жексенбиевич болды.
Кездесу барысында ардагерлер өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, елге адал қызмет етуге тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара оқушыларға үлкен рухани әсер беріп, патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығымен ерекшеленді.
https://www.instagram.com/reel/DU7_RLrDBy0/?igsh=M3ZxYnc0eHE3Mmg1