«Аяулы ана, ардақты ұстаз» тақырыбында плакаттар көрмесі
«Шабыт» жобасы аясында 1–11 сынып оқушылары арасында «Аяулы ана, ардақты ұстаз» тақырыбында плакаттар көрмесі және байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ана мен ұстазға деген құрмет сезімін қалыптастыру, олардың қоғамдағы ерекше орнын дәріптеу.
Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып, ана мен ұстаздың мейірімі мен еңбегін бейнелейтін мазмұнды әрі көркем плакаттар дайындады. Қатысушылар өз ойларын сурет және ұрандар арқылы жеткізіп, тақырыпты жан-жақты ашуға тырысты.
Көрме барысында ұсынылған жұмыстар мазмұндылығы, көркемдік безендірілуі және тақырыптың ашылуы бойынша бағаланды. Іс-шара оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырып, ана мен ұстазға деген құрметті насихаттауға бағытталды.
Аталған іс-шара тәрбиелік мәні зор болып, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Бас жүлде: 7 Б сынып – Вахит Камилла
1 Ә сынып – Бектенова Айзере
6 А сынып – Тайбулдинова Аиша
І орын:
6 Б сынып – Қосмайл Алина
7 Б сынып – Талғат Кәусар
6 Ә сынып - Жақсыбек Айзере
ІІ орын:
5 Б сынып – Боранбай Ақжібек
5 сынып – Зұлпыхар Жасмин
2 Б сынып – Айбын Қанағат
7 Ә сынып – Мамырбек Ділдә
ІІІ орын:
3 А сынып – Берік Інжу
7Б сынып – Отанбекова Еркеназ
7 Б сынып – Асхан Қарақат
5 Ә сынып – жұмақұл Мұхамеджан
5 Ә сынып – Қуаныш Шади
5 Ә сынып – Шерхан Айза
5 Ә сынып – талғат Елдар
3 Б сынып – Жұмақан Дарын

