18
март
2026
Ғылымның шыңына алғашқы қадам!
3-сынып оқушысы үшін қалалық деңгейдегі үлкен додада жүлде алу — нағыз еңбек пен табандылықтың, ізденіс пен білімге деген құштарлықтың нәтижесі. «Зерде» конкурсының «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша қатысқан 3 «А» сынып оқушысы Нұрбек Алан қалалық кезеңде ІІ орын жүлдегері атанды!
Бұл жетістік — тек марапат қана емес, бұл — қоршаған ортаны қорғауға, адам денсаулығы мен психологиясын терең түсінуге деген қызығушылықтың айқын дәлелі. Осындай жетістікке жету жолында аянбай еңбек еткен оқушымызға, жетекшісіне және қолдау көрсеткен ата-анасына алғысымыз шексіз! Біз сенімен мақтанамыз! Осындай білімді де зерек оқушыларымыз барда мектебіміздің болашағы жарқын.
Жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!