Ертегілер әлеміне саяхат
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні орай мектеп кітапханашысы А. Акариянованың ұйымдастыруымен 3 «А» сынып оқушылары арасында «Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ертегілер арқылы олардың қиялын дамыту және көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар әйгілі «Қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерлерін сахналап, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті. Балалар ертегі кейіпкерлерінің рөлін сомдап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сахна мәдениетін қалыптастыруға және кітапқа деген қызығушылығын арттыруға оң ықпал етті.
