16
апрель
2026
Өнегелі 15 минут
3 «Б» сыныбында «Өнегелі 15 минут» жобасы аясында оқушы Ғалымжанқызы Бибінұр отбасылық дәстүрлер тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, тәрбиелік мәні зор әсерлі әңгіме ұсынды. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық құндылықтар, отбасы тәрбиесі, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету дәстүрлері жайында мағыналы ойлар тыңдап, тағылымды тәрбие алды.
Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, отбасылық тәрбиенің маңызын арттыра түседі. Сынып жетекшісі: Шалимбетова Г.У.
https://www.instagram.com/reel/DXLlthADEUq/?igsh=MTEwODNka2w3dGRvYQ==