«Наурыз – жыл басы» сынып сағаты
2026 жылдың 16 наурыз күні 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
«Наурыз – жыл басы»
Қауіпсіздік сабағы (10 минут)
«КӨМЕК» жобасы (10 минут)
Буллингтен қорған «ДОСБОЛLIKE» (10 минут)
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға Наурыз мейрамы мерекесінің маңызын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, өзара көмек көрсету құндылықтарын насихаттау және буллингтің алдын алу.
Сабақ барысында «Наурыз – жыл басы» тақырыбында оқушыларға Наурыз мерекесінің шығу тарихы, ұлттық салт-дәстүрлер мен мерекенің тәрбиелік мәні түсіндірілді. Қауіпсіздік сабағында мектептегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берілді. «КӨМЕК» жобасы аясында оқушылар бір-біріне қолдау көрсету, қиын жағдайда бейжай қалмау туралы пікір алмасты. Ал «ДОСБОЛLIKE» бағыты бойынша буллингтің алдын алу, достық қарым-қатынасты нығайту және сыныпта қолайлы психологиялық орта қалыптастыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сынып сағаты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор болып, өз мақсатына жетті.

