Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
апрель
2026

Жас педагогтер апталығының жарқын ашылуы

     «Жас педагог: Ізденіс, жаңалық, жетістік» атты жас педагогтер апталығының ашылуына орай мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Наурыз» мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

     Іс-шараның басты мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіру болды.

     Мереке барысында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлері сахналанып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Шара аясында арнайы шақырылған өнер иелері әннен шашу шашып, кештің сәнін келтірді. Қонақтар мен қатысушыларға сый-сияпаттар табысталды.

     Аталған мереке бірлік пен жаңашылдықтың, дәстүр мен тәрбиенің үйлесім тапқан жарқын көрінісіне айналды. Іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жас педагогтердің шығармашылық ізденістеріне серпін берді.

     Алдағы апталық аясында жас педагогтерге мол табыс, тың идеялар мен үлкен жетістіктер тілейміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: