12
март
2026
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында мерекелік думан
2026 жылдың 12 наурыз күні 3–4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз-Наурыз!» тақырыбында мерекелік думанды кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, Наурыз мейрамы мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау.
Мерекелік кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, Наурыз мерекесіне байланысты өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, қазақтың салт-дәстүрлеріне арналған көріністер көрсетіліп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара мазмұнды әрі қызықты өтіп, оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға және бірлік пен достықты нығайтуға ықпал етті.

