Ұстаз бен шәкірт үндестігі
Эстетикалық пәндер бірлестігі онкүндігінің аясында мектебімізде «Екі жұлдыз» атты өнер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың мақсаты – мұғалімдер мен оқушылар арасындағы шығармашылық байланысты нығайту, өнерге деген қызығушылықты арттыру және дарынды қатысушыларды қолдау болды.
Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені бастауыш сынып мұғалімі Мырзатаева Бақытгүл Дәулеткелдіқызы мен 1 «Б» сынып оқушысы Балтабек Раяна иеленді.
І орын тарих пәнінің мұғалімі Аким Назым Қуатқызы мен 9 «Ә» сынып оқушысы Абдрахманов Амирге, ІІ орын ағылшын тілі мұғалімі Төреханова Айбиби Нысанбекқызы мен 4 «Б» сынып оқушысы Тоқтарбай Айбарға, ІІІ орын мектеп психологы Рәбина Қобланқызы мен 10 «А» сынып оқушысы Исали Ақданаға бұйырды.
Бұл байқау қатысушылардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, әр жұп өздерінің ерекше өнерлері мен үйлесімділіктері арқылы көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Қатысушылар жоғары деңгейде дайындалып, шығармашылық қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
Байқау барысында әсем әндер шырқалып, көңілді сәттер мен жарқын эмоцияларға толы әсерлі кеш өтті.
Осындай тағылымды әрі тартымды шараны ұйымдастырған эстетикалық пәндер бірлестігінің ұстаздарына алғыс білдіреміз. Барша қатысушыларға шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілейміз!

