22
апрель
2026
Тоғызқұмалақтан қалалық турнир
2026 жылы 17 сәуір күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай оқушылар арасындағы тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті.
Турнир 11 жас қыздар арасында ұйымдастырылды, нәтижесінде жеңімпаздар келесі тәртіппен анықталды:
І орын: Ерденбаева Аяулым, 4 "Ә" сынып
ІІ орын: Жақсыбек Айқаракөз, 2 "В" сынып
ІІІ орын: Қажымұхан Әдемі, 4 "Ә" сынып
Жеңімпаздарды дайындаған жетекшісі – Амираил Абылай Ерболұлы.
Оқушыларымыздың жетістіктері бізді қуантады және оларды одан әрі ынталандырады! Алдағы уақытта да жарыстарда жеңіс жолын жалғастырады деп сенеміз!
