Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Аналар арасында зияткерлік ойындар бойынша турнир
05
март
2026

Аналар арасында зияткерлік ойындар бойынша турнир

2026 жылдың 5 наурыз күні 1–11 сынып оқушыларының аналары арасында зияткерлік ойындар бойынша турнир ұйымдастырылып өткізілді. Турнир барысында қатысушылар Тоғызқұмалақ, Шахмат және Шашки ойындары бойынша өзара бақ сынасты.

Іс-шараның мақсаты – ата-аналар арасында зияткерлік ойындарды насихаттау, аналардың белсенділігін арттыру, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Турнир барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Аналар өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, достық қарым-қатынаста жарысқа қатысты.

Аталған іс-шара ата-аналардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, зияткерлік ойындарға деген қызығушылығын арттыруға және мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланысты нығайтуға оң ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: