Қалалық сейсможаттығу
2026 жылдың 14 мамыр күні Алматы қаласында жоспарлы түрде қалалық сейсможаттығу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – азаматтық қорғау аумақтық жүйесін жетілдіру, басқару органдары мен азаматтық қорғау күштерінің жойқын жер сілкінісі жағдайында іс-қимыл жасауға дайындығын арттыру болды.
Сейсможаттығу барысында қалалық ескерту жүйесі іске қосылып, Mass Alert жүйесі арқылы хабарламалар таратылды. Сондай-ақ халықтың жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды орындау дағдылары пысықталды. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, зардап шеккендерді қабылдау пункттерін ұйымдастыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарды эвакуациялау бойынша практикалық іс-қимылдар жүзеге асырылды.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушылар тарапынан белсенділік пен жауапкершілік байқалды.



