04
май
2026
Сынып сағаттары: Отан, қауіпсіздік, экология
2026 жылдың 4 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1–11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
- «Отан қорғау – ерлік пен намыс ісі» тақырыбында оқушыларға Отанға деген сүйіспеншілік, ел қорғаған ерлердің ерлігі мен патриоттық рух туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- Қауіпсіздік сабағы (10 минут) барысында оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдылары түсіндірілді.
- «Алматы – таза қала» бағдарламасы (10 минут) аясында қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қарастырылды.
- «Жол қауіпсіздігі» (10 минут) тақырыбында жолда жүру ережелері, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған сынып сағаттары мазмұнды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың азаматтық жауапкершілігін, қауіпсіздік мәдениетін және патриоттық сезімін қалыптастыруға оң ықпал етті.

