19
май
2026
Құрметті ата-аналар!
Жаз мезгілінде балалардың су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өкінішке қарай, жыл сайын өзен, көл, канал және су қоймаларында балалардың жазатайым оқиғаларға ұшырау жағдайлары тіркелуде.
Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін:
✅ Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
✅ Тек рұқсат етілген орындарда шомылыңыз;
✅ Су қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріңіз;
✅ Қауіпті аймақтарға баруына жол бермеңіз.
Баланың қауіпсіздігі – ата-ананың басты жауапкершілігі.
Сақтық – қауіптің алдын алады!





