28
май
2026
Оқу жылының соңғы педкеңесі
2026 жылдың 28 мамырында 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті.
Педагогикалық кеңес барысында ұстаздар қауымы оқу жылын қорытындылап, мектеп өміріндегі негізгі бағыттар мен өзекті мәселелерді талқылады.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
- Білім сапасы мен оқушылар қозғалысы бойынша 2025–2026 оқу жылының қорытынды көрсеткіштері мен оқу үлгерімінің динамикасына талдау жасалды (баяндамашы: ДОІЖО З.М. Утеулинова).
- 5–8 және 10-сынып оқушыларын келесі сыныптарға көшіру, сондай-ақ үздік оқушыларды марапаттау мәселелері қаралып, бекітілді (баяндамашы: ДОІЖО А.Н. Сағынғалиева).
- Мектептің жазғы кезеңдегі жұмыс жоспары мен алдағы оқу жылына қойылатын міндеттер талқыланды.
Педагогикалық кеңес барысында оқу жылының қорытындысы шығарылып, үздік көрсеткіш көрсеткен мұғалімдер Алматы қаласы Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданып, оқу жылын сәтті аяқтау және оқушылар жетістіктерін айқындау мәселелері нақтыланды.
Жыл бойы қажырлы еңбек еткен барша ұстаздарға алғыс білдіреміз!

