«Соңғы қоңырау – 2026»
2026 жылдың 25 мамыр күні 9, 10, 11-сынып және кешкі мектеп оқушыларына арналған «Соңғы қоңырау» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқу жылының аяқталуын қорытындылау, мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеу, оқушылардың ұстаздары мен мектепке деген құрметін арттыру, сондай-ақ білім алушылардың жыл бойғы жетістіктерін қорытындылап, үздік оқушыларды марапаттау болды.
Мерекелік шара барысында оқушылар түлеп ұшқан алтын ұя мектебі мен аяулы ұстаздарына алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Сонымен қатар оқушылар ән шырқап, би билеп, түрлі көркем шығармашылық нөмірлерін ұсынып, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі мен ұстаздар түлектерге жылы лебіздерін білдіріп, алдағы өмір жолдарына сәттілік тілеп, білім мен тәрбие саласындағы жетістіктері үшін марапаттар табыстады.

