Таза Қазақстан: салауатты өмір салтына қадам
2026 жылдың 21 сәуір күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Біз нашақорлыққа қарсымыз! Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ» атты жалпы қалалық іс-шара ұйымдастырылды. Аталған акцияға мектеп оқушылары белсене қатысып, бір мезетте сергіту сәті ретінде дене жаттығуларын орындады. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жас ұрпақтың денсаулығын нығайту, сондай-ақ жастар арасында зиянды әдеттердің, соның ішінде нашақорлықтың алдын алу. Сонымен қатар, қоғам назарын осы өзекті мәселеге