Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Спорттағы үлкен жетістік
17
апрель
2026
Спорттағы үлкен жетістік
4 «А» сынып оқушысы Пайызбек Рамазан Nomad MMA Қазақстан чемпионаты аясында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орын иеленді. Оқушы жарыс барысында өзінің спорттық шеберлігін, қайсарлығы мен табандылығын танытып, үздік нәтиже көрсетті. Бұл жетістік – тынымсыз еңбек пен жүйелі дайындықтың жемісі. Жас спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.
Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі
17
апрель
2026
Салауатты өмір салты – жарқын болашақ кепілі
     2026 жылдың 16 сәуір күні мектепте салауатты өмір салтын насихаттау және буллингтің алдын алу мақсатында Қазақстандағы танымал спорт менеджері, кәсіпкер және аралас жекпе-жек (MMA) саласының өкілі Нұрбек Қарабала шақырылып, оқушылармен ашық форматта мазмұнды әрі ерекше кездесу ұйымдастырылды.      Іс-шара барысында қонақ өз өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жетістікке жету жолындағы еңбекқорлық, табандылық, тәртіп пен мақсатқа ұмтылудың маңыздылығы туралы әсерлі әңгіме өрбітті. Сонымен қатар,
Өнегелі 15 минут
16
апрель
2026
Өнегелі 15 минут
3 «Б» сыныбында «Өнегелі 15 минут» жобасы аясында оқушы Ғалымжанқызы Бибінұр отбасылық дәстүрлер тақырыбында өз ойларымен бөлісіп, тәрбиелік мәні зор әсерлі әңгіме ұсынды. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық құндылықтар, отбасы тәрбиесі, үлкенге құрмет пен кішіге ізет көрсету дәстүрлері жайында мағыналы ойлар тыңдап, тағылымды тәрбие алды. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, отбасылық тәрбиенің маңызын арттыра түседі. Сынып жетекшісі: Шалимбетова Г.У. 
Өнегелі 15 минут
16
апрель
2026
Өнегелі 15 минут
3 «Б» сыныбында «Өнегелі 15 минут» жобасы аясында оқушы Ерғалиқызы Нұриланың әжесі Жүнісова Сапаргүл өнегелі ойларымен бөлісіп, тәрбиелік мәні зор әсерлі әңгіме ұсынды.Іс-шара барысында оқушылар адамгершілік, ізгілік, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу сияқты асыл қасиеттер жайында ой бөліседі. Мұндай іс-шаралар оқушылардың рухани дамуына, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруіне ықпал етеді.Сынып жетекшісі: Шалимбетова Г.У. ​https://www.instagram.com/reel/DXLlml6DFtq/?igsh=MXNzcmVsdjZuOWtj​​​
Жеңіс құтты болсын!
15
апрель
2026
Жеңіс құтты болсын!
ALMATY BALAfest-2026 фестивалі аясында өткен «Жасыл Алматы» байқауының «Қиял әлемі» номинациясы бойынша 2 «А» сынып оқушысы Жумабекова Адеми жүлделі І орын иеленді. Жетекшісі: Мырзатаева Б.Д. Құттықтаймыз!
SHUAQ сахнасындағы бас жүлде
14
апрель
2026
SHUAQ сахнасындағы бас жүлде
   “SHUAQ” халықаралық өнерпаздар байқауында мектебіміздің 6 «А» сынып оқушысы Қыдырбай Фатима жоғары нәтиже көрсетіп, ән номинациясы бойынша жүлделі Бас жүлдені иеленді. Фатима байқау барысында өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оның таланты мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі жұмысының нәтижесі.  Жас өнерпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Жеңіс құтты болсын!
13
апрель
2026
Жеңіс құтты болсын!
ALMATY BALAfest-2026 фестивалі аясында өткен «Кітап – білім бұлағы» байқауында 6 сынып оқушылары жүлделі ІІ орын иеленді. Құттықтаймыз!Бұл жетістік – оқушылардың білімге деген құштарлығы мен ізденімпаздығының нәтижесі! Жетекшісі: Г. Ғабитқызы
«Біз таңдаған кітаптар»  сынып сағаты
13
апрель
2026
«Біз таңдаған кітаптар» сынып сағаты
2026 жылдың 13 ақпан күні 1–11 сынып оқушыларына сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен тәрбие бағытындағы сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары келесі тақырыптар бойынша жүргізілді: «Біз таңдаған кітаптар»  Қауіпсіздік сабағы (10 минут)  «КӨМЕК» жобасы (10 минут)  Буллингтен қорған «ДОСБОЛLIKE» (10 минут)  Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту және буллингтің