Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «ЖЖЕ» бағыттары аясында оқушылармен мазмұнды сынып сағаттары ұйымдастырылды.
10
ноябрь
2025
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «ЖЖЕ»
«Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала», «ЖЖЕ» бағыттары аясында оқушылармен мазмұнды сынып сағаттары ұйымдастырылды. Сабақ барысында балалар адалдықтың мәнін, өз қауіпсіздігін сақтау ережелерін, қаланы таза ұстаудың маңызын және жол қозғалысы ережелерін талқылап, күнделікті өмірде қажет болатын дағдыларын жетілдірді. Мақсат — саналы, жауапты, қауіпсіздік мәдениеті қалыптасқан жас ұрпақ тәрбиелеу. Сынып жетекшілерінің еңбегіне және оқушылардың белсенділігіне алғыс айтамыз!
Кәсіби бағдар беру жұмысы:SDU университеті
07
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы:SDU университеті
№122 жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беруші Қалыбек Аружан Мақсұтқызы және Сүлеймен Демирел университетінің өкілі Аяулым Әбілда 10–11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында университет туралы толыққанды ақпарат беріліп, білім беру бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктер және студенттік өмір жайлы қызықты мәліметтер ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашақ мамандық таңдауға қатысты құнды кеңестер алды. Осындай кездесулер жас түлектердің