Мұқағали поэзиясы: дәстүр мен жаңашылдық үндестігі
2026 жылдың 9 ақпан күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі тақырыбы — «Мұқағали поэзиясы: дәстүр мен жаңашылдық үндестігі».
Сынып сағаты барысында оқушылар ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның поэзиясындағы ұлттық рух, адамгершілік құндылықтар мен жаңашыл көзқарастар туралы мағлұмат алды. Ақын өлеңдері мәнерлеп оқылып, мазмұнды талдау жүргізілді.
Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы аясында оқушыларға күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, сақтық шаралары туралы пайдалы ақпарат берілді. «Алматы – таза қала» бағдарламасы бойынша қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қамтылды. «Жол қауіпсіздігі» тақырыбында жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргінші мен көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сынып сағаты оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық, құқықтық сауаттылығын дамытуға бағытталды.
