24
ноябрь
2025
Кәсіби бағдар беру жұмысы:Қазақ автомобиль-жол институты


2025 жылдың 24 қарашасы күні Алматы қаласындағы №122 жалпы білім беретін мектепке ҚазАДИ институтының өкілдері келіп, 11-сынып оқушыларына арналған ақпараттық кездесу өткізді.
Кездесу барысында институт өкілдері оқу орнының тарихы, негізгі факультеттері, білім беру бағдарламалары, шығармашылық және академиялық мүмкіндіктері, сондай-ақ талапкерлерге арналған қабылдау шарттары туралы қысқаша мәлімет берді.
Бұл таныстырылым оқушыларға болашақ мамандығын таңдау кезінде бағыт-бағдар беруді мақсат етті.
https://www.instagram.com/p/DRjrWyDDFm6/?igsh=MWxlNWhvNmhzazJjNg==