20
январь
2026
Пилоттық жоба: ғылыми негіздегі кәсіби диалог
Бүгін мектебімізде білім сапасын арттыруға бағытталған Пилоттық жоба аясында ұстаздармен ақылдасу сабағы өтті. Іс-шара жобаның авторы, педагогика ғылымдарының өкілі Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында білім беру сапасын көтерудің ғылыми-практикалық негіздері, жобаны мектеп тәжірибесіне тиімді енгізу жолдары және басқаруда басшылыққа алынатын ұстанымдар кеңінен талқыланды.Құсайынов Асқарбек Қабыкенұлы мырза өз тұжырымдамасы мен әдістемелік көзқарасын ортаға салып, ұстаздардың сұрақтарына жауап берді.
Ұстаздар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, жобаны іске асыруға қатысты нақты ұсыныстарын білдірді. Мұндай мазмұнды әрі нәтижелі кәсіби диалогтар сапалы білімге бастайтын маңызды қадам екені анық.