Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары
06
апрель
2026

Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары

Әуезов ауданының ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы Акимова Мадина Серікқызы 9-11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сабаққа кешікпеу, сыныптағы және мектеп аумағындағы тәртіпті бұзбау, бөгде заттар алып келмеу, бір-біріне құрметпен қарау сияқты маңызды талаптар жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, инспектор оқушыларға кибербуллинг, қауіпсіз интернет пайдалану, таныс емес адамдармен сөйлеспеу, әлеуметтік желілерде жеке мәліметтерді жарияламау, жол қозғалысы ережелерін сақтау жөнінде қосымша кеңестер берді. Құқықбұзушылықтың кез келген түріне жол бермеу қажеттілігі түсіндіріліп, оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.

Кездесу соңында Мадина Серікқызы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, әрқайсысына өз қауіпсіздігіне мұқият болу керектігін ескертті. Осындай профилактикалық жұмыс оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және келеңсіз жағдайлардың алдын алуға бағытталды.
 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: