23
февраль
2026
«Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік» сынып сағаты
2026 жылдың 23 ақпан күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі тақырыбы: «Құқықтық тәртіп және әлеуметтік жауапкершілік», сондай-ақ Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай тағылымдық мазмұнда ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру мақсатында танымдық ақпараттар берілді. Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның ел бірлігі мен адамгершілікке үндейтін өнегелі ойлары насихатталды.
Сонымен қатар, қауіпсіздік сабағы (10 минут) аясында оқушыларға өмір қауіпсіздігі, жолда жүру ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары түсіндірілді. «Алматы – таза қала» бағдарламасы (10 минут) бойынша қоршаған ортаны қорғау, тазалық сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері қозғалды. «Профориентация» (10 минут) бөлімінде оқушыларға болашақ мамандықты саналы таңдауға бағытталған кеңестер беріліп, кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.
Сынып сағаты тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі танымдық деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенді қатысуымен өтті.