06
апрель
2026
«Мамандықты дұрыс таңдау мен грантқа түсу жолдары» тақырыбында семинар
Бүгін мектебімізде 9-10-11 сынып оқушыларына арналған «Мамандықты дұрыс таңдау мен грантқа түсу жолдары» тақырыбында маңызды семинар өтті.
Семинар қонағы – Омарбек Көшкімбайұлы, SDU PhD докторанты, 16 жылдық тәжірибесі бар педагог-профориентолог, GRANT EXPERT, мотиватор және коуч.
Кездесу барысында оқушыларға мамандықты дұрыс таңдау, ҰБТ-ға дайындық, грантқа түсу мүмкіндіктері, заманауи талаптар мен лайфхактар туралы құнды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, болашаққа бағыт-бағдар алды. Осындай пайдалы кездесулер оқушылардың кәсіби бағдарын қалыптастырып, мақсаттарына сенімді қадам жасауына ықпал етеді.
Семинар қонағына алғысымызды білдіреміз!