17
апрель
2026
Отан қорғаушылар рухына тағзым
2026 жылдың 16 сәуір күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Тәуелсіздік және Отаншылдық» құндылығы негізінде Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара барысында дәстүрлі құрмет қарауылын биыл Ауезов ауданы бойынша №122 жалпы білім беретін мектеп оқушылары атқарып, 28 Панфиловшылар саябағында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған Даңқ мемориалында, Мәңгілік алау жанында құрметпен тағзым етті.
Оқушылар қалалық «Келешек Отан қорғаушылар» эстафетасына қатысып, патриоттық рух пен жоғары жауапкершілік танытып, берілген міндетті абыроймен орындады.
Іс-шара жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін арттыруға, тарихи жадыны құрметтеуге және елге деген сүйіспеншілігін нығайтуға бағытталды.
https://www.instagram.com/reel/DXO4TejiPHl/?igsh=NWJndGdnM2p5MGpk.
