1936 жыл жаңғырығы: ұлттық өнердің ұлы белесі
2026 жылдың 29 сәуір күні «Ұлы дала үні – Мәскеу төрінде: 1936 жылғы өнер мен әдебиет онкүндігінің тарихи тағылымы» атты қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – 1936 жылғы қазақ өнері мен әдебиетінің Мәскеуде өткен алғашқы онкүндігінің тарихи-мәдени маңызын таныту, ұлттық өнер мен әдебиеттің құндылығын дәріптеу арқылы оқушылардың рухани-эстетикалық танымын кеңейту болды.
Аталған шара ұлттық өнеріміздің биіктігін, мәдениетіміздің байлығын және рухани мұрамыздың мәңгілік құндылығын айқындайтын маңызды басқосу болды.
Іс-шара барысында оқушылар арнайы ұйымдастырылған көрмелерді таныстырып, әрбір бөлімде тарих пен өнердің үндестігін көрсете білді. Жас ұрпақ өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде танытты.
Сонымен қатар семинар концерттік бағдарламамен жалғасып, өнерлі оқушылар мен жас ұстаздар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтар қатысып, мазмұнды ойларымен бөлісіп, кештің рухани мәнін арттырды:
– Оспанов Еділбай Төлеубайұлы – Абай атындағы ҚазҰПУ Әлем тілдері факультетінің деканы, ф.ғ.к., аға оқытушы;
– Куттыбаев Шоканхан Дуйсенханович – Абай атындағы ҚазҰПУ Академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы;
– Нәлібай Гүлмира Әділханқызы – ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Шалқар» радиосының журналисі;
– Хасанғалиев Біржан Ескендірұлы – әнші, музыкант, «Құрмет» орденінің кавалері;
– Махмеджан Бибінұр Ануварқызы – Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының тәрбие бөлімі әдіскері.
Қонақтар өз сөздерінде қазақ өнері мен әдебиетінің тарихи маңызын атап өтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеудің өзектілігіне тоқталды.
Ұлы даланың үні әлемге жаңғырып, ұлттық өнердің мәртебесін асқақтатқан бұл тарихи оқиға – бүгінгі ұрпақ үшін зор мақтаныш әрі тағылым болып табылады.
Аталған семинар мазмұнды әрі тағылымдық деңгейде өтті.
https://www.instagram.com/reel/DXuURl6jKaH/?igsh=bHFkZ28waDRheXRm




