15
май
2026
Деректі фильм көрсетілімі
2026 жылдың 15 мамыр күні 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 8-сынып оқушыларына деректі фильм көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға тарихи кезең туралы терең мағлұмат беру, өткен тарихты ұмытпай, ел жадындағы ауыр жылдарға құрметпен қарауға тәрбиелеу болды.
Көрсетілім барысында оқушылар тарихи деректермен танысып, тақырып бойынша ой-толғаныс жасап, өз көзқарастарын білдірді.
Іс-шараны тарих пәнінің мұғалімі Мукушева А.С. ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара тәрбиелік мәні зор болып, оқушыларға тарихи сана мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
