Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2026

Қазақ тілі пәні емтиханы

2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша 5, 6, 7, 8 және 10-сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәнінен аралық аттестаттау емтихандары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Емтиханның мақсаты – оқушылардың жыл бойы алған білімін саралау, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі мен функционалдық сауаттылығын объективті түрде бағалау.

Емтихан барысы туралы ақпарат:
26 мамыр күні 5 және 7-сынып оқушылары алғашқы болып емтихан тапсырып, өз білімдерін сәтті көрсетті.
28 мамыр күні 6, 8 және 10-сынып оқушылары бекітілген кестеге сай арнайы жабдықталған сынып бөлмелерінде емтихан тапсырды.

Емтиханның ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында мектептің білікті қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен арнайы бекітілген ассистент-педагогтардан құралған комиссия мүшелері үздіксіз жұмыс атқаруда. Жоғары жауапкершілік танытып, емтихан барысында белсенділік көрсетіп жатқан барша ұстаздарға алғыс білдіреміз.

Сүйікті оқушыларымызға жоғары көрсеткіштер мен сәттілік тілейміз! Жыл бойғы еңбектеріңіз ақталып, білім шыңын бағындыра беріңіздер!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: