Қорытынды әскериленген жарыс
2026 жылдың 14 мамыр күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Әділдік және жауапкершілік» құндылығы аясында 10-сынып оқушылары арасында алғашқы әскери дайындық пәнінің аяқталуына байланысты қорытынды әскериленген эстафеталық жарыс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, жауапкершілікке, тәртіпке, ұйымшылдыққа баулу және алғашқы әскери дайындық бойынша алған білімдерін іс жүзінде көрсету болды.
Жарыс барысында оқушылар түрлі әскери-спорттық кезеңдер бойынша өздерінің шапшаңдықтарын, ептіліктерін, төзімділіктерін және командалық бірліктерін көрсете білді. Қатысушылар белсенділік танытып, жоғары дайындық деңгейін байқатты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – 7 минут 35 секунд нәтижемен 10 «Ә» сыныбы;
ІІ орын – 8 минут 6 секунд нәтижемен 10 «А» сыныбы;
ІІІ орын – 9 минут 15 секунд нәтижемен 10 «Б» сыныбы иеленді.
Аталған іс-шараны алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жигитов Ералы Рахымбердиевич ұйымдастырып өткізді.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға патриоттық рух пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
https://www.instagram.com/reel/DYUpxK5MU_i/?igsh=MWZ4NXBmbWl5dWRpcQ==