Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Спорттағы үлкен жетістік
17
апрель
2026
Спорттағы үлкен жетістік
4 «А» сынып оқушысы Пайызбек Рамазан Nomad MMA Қазақстан чемпионаты аясында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі І орын иеленді. Оқушы жарыс барысында өзінің спорттық шеберлігін, қайсарлығы мен табандылығын танытып, үздік нәтиже көрсетті. Бұл жетістік – тынымсыз еңбек пен жүйелі дайындықтың жемісі. Жас спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз.
SHUAQ сахнасындағы бас жүлде
14
апрель
2026
SHUAQ сахнасындағы бас жүлде
   “SHUAQ” халықаралық өнерпаздар байқауында мектебіміздің 6 «А» сынып оқушысы Қыдырбай Фатима жоғары нәтиже көрсетіп, ән номинациясы бойынша жүлделі Бас жүлдені иеленді. Фатима байқау барысында өз өнерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының ерекше ықыласына бөленді. Бұл жетістік – оның таланты мен еңбегінің, сондай-ақ ұстаздарының жүйелі жұмысының нәтижесі.  Жас өнерпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
KEMEL олимпиадасында жарқын жетістіктер
14
апрель
2026
KEMEL олимпиадасында жарқын жетістіктер
Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы дарыны» орталығы және «KEMEL» қалалық физика-математика мектебінің ұйымдастыруымен 1–6-сынып оқушыларына арналған математика пәнінен «KEMEL» олимпиадасының  аудандық кезеңі 11.04.2026 ж. өтті. Аудандық кезеңге мектебіміздің алдын-ала іріктелген 1-6-сынып оқушылары қатысқан болатын.  Нәтижесінде: - 1 "Б" сынып оқушысы Серікжанұлы Абылай 2-орын (Жетекшісі: Есмурза А. ) - ⁠1 "Ә" сынып оқушысы Мұхит Әділжан мадақтама (Жетекшісі: Үсіпбаева Б.) - ⁠2 "В" сынып
Жеңіс құтты болсын!
09
апрель
2026
Жеңіс құтты болсын!
«BalaFest» байқауының аудандық кезеңінде «Бояулар құпиясы» номинациясы бойынша 4-сынып оқушысы Курмангалиева Амира жүлделі ІІІ орын иеленді. Жас суретшіміздің шығармашылық табысы – оның еңбегі мен талантының айқын дәлелі!  Жетекшісі: Балкибекова Э. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!  
Жеңіс құтты болсын!
20
март
2026
Жеңіс құтты болсын!
Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы Алматы қаласының іріктеу чемпионатында мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетті  9 жас қыздар арасында Жақсыбек Айқаракөз – І орын 11 жас қыздар арасында Жақсыбек Айкөркем – ІІ орын Екі оқушымыз да қалалық іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Астана қаласында өтетін республикалық жасөспірімдер чемпионатына жолдама алды!  Жас спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз! 
Ғылымның шыңына алғашқы қадам!
18
март
2026
Ғылымның шыңына алғашқы қадам!
3-сынып оқушысы үшін қалалық деңгейдегі үлкен додада жүлде алу — нағыз еңбек пен табандылықтың, ізденіс пен білімге деген құштарлықтың нәтижесі. «Зерде» конкурсының «Медицина, психология, экология» секциясы бойынша қатысқан 3 «А» сынып оқушысы Нұрбек Алан қалалық кезеңде ІІ орын жүлдегері атанды! Бұл жетістік — тек марапат қана емес, бұл — қоршаған ортаны қорғауға, адам денсаулығы мен психологиясын терең түсінуге деген қызығушылықтың айқын дәлелі. Осындай жетістікке жету жолында аянбай еңбек
🏆 Құттықтаймыз!
10
март
2026
🏆 Құттықтаймыз!
10.03.2026 ж. жалпы білім беретін пәндер бойынша 9–11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңінің марапаттау салтанаты өтті. Мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Амангелді Ажар «Өлкетану» бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иеленді.  Бұл – табандылық пен ізденістің, білімге деген құштарлықтың нәтижесі. Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!  Пән мұғалімі: Мукушева
Оқушы жетістігі
25
февраль
2026
Оқушы жетістігі
2026 жылдың 25 ақпан күні қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларының арасында “Ана - өмірдің гүлі” атты қалалық ән байқауының аудандық кезеңін өткізді. Байқауға мектебіміздің  1-4 сыныптар арасынан 1 “Б” сынып оқушысы Балтабек Раяна мен  5-8 сынып арасынан 7 “А” сынып оқушысы Балтабек Айзере қатысты. Нәтижесінде екі оқушымыз да жүлделі 2-орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!