Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұқағали поэзиясы: дәстүр мен жаңашылдық үндестігі
09
февраль
2026
Мұқағали поэзиясы: дәстүр мен жаңашылдық үндестігі
   2026 жылдың 9 ақпан күні мектебімізде 1–11 сынып оқушыларына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының негізгі тақырыбы — «Мұқағали поэзиясы: дәстүр мен жаңашылдық үндестігі».      Сынып сағаты барысында оқушылар ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасап, оның поэзиясындағы ұлттық рух, адамгершілік құндылықтар мен жаңашыл көзқарастар туралы мағлұмат алды. Ақын өлеңдері мәнерлеп оқылып, мазмұнды талдау жүргізілді.
Тәртіп және заң!
12
январь
2026
Тәртіп және заң!
Әуезов ауданының ювеналды полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы Акимова Мадина Серікқызы  оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, сабаққа кешікпеу, сыныптағы және мектеп аумағындағы тәртіпті бұзбау, бөгде заттар алып келмеу, бір-біріне құрметпен қарау сияқты маңызды талаптар жан-жақты түсіндірілді.
Жауапкершілік — адамгершілік қасиеттің көрінісі
17
ноябрь
2025
Жауапкершілік — адамгершілік қасиеттің көрінісі
СЫНЫП САҒАТЫ Бүгінгі сынып сағатымыз бірнеше маңызды бағыттарды қамтыды: 1. «Жауапкершілік — адамгершілік қасиеттің көрінісі» Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің 130 жылдығына орай жазушының өмірі мен мұрасына шолу жасап, жауапкершілік туралы тәрбиелік әңгіме талқыланды. 2. Қауіпсіздік сабағы (10 мин) Оқушыларға күнделікті өмірде, мектепте және онлайн ортада қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. 3. «КӨМЕК» жобасы (10 мин) Жоба аясында бір-біріне қолдау көрсету, мейірімді болу және әлеуметтік
“Жанұям - қорғаным, ата-анам - тірегім” тақырыбында сынып сағаты
08
сентябрь
2025
“Жанұям - қорғаным, ата-анам - тірегім” тақырыбында сынып сағаты
08.09.2025ж. күні мектебімізде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында “Жанұям - қорғаным, ата-анам - тірегім” тақырыбында сынып сағаты өтілді. Сынып сағатында  оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсіп, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, жолда жүру қауіпсіздік сабағы, «Алматы – таза қала» бағдарламасын жүзеге асыру мақсаты көзделді.
Қауіпсіздік сабақтары
03
сентябрь
2025
Қауіпсіздік сабақтары
2025 жылдың 2 қыркүйек күні Әуезов ауданының ПБ ЖПҚБ  ЮПБ учаскелік полиция майоры М.С.Акимова 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері, әкімшілік жауапкершілік негіздері туралы түсіндірді. Жол қауіпсіздігі бойынша жаяу жүргінші, велосипед/самокат пайдаланушыларға қойылатын талаптар, «қауіпсіз мектеп маршрутын» белгілеу, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалану, жол-көлік оқиғаларының алдын алу тәсілдері талқыланды. Төтенше