Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2026

«Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы

Жасөспірімдер арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу (вандализм, қоғамдық мүлікті қорғау) мақсатында «Қоғамдық мүлікті қорға!» жобасы аясында 7 «А» сынып оқушыларымен алдын алу шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қоғамдық мүліктің маңызын түсіндіру, вандализмнің қоғамға тигізер кері әсерін ұғындыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру және құқықтық мәдениетті арттыру.

Жоба барысында 7 «А» сынып оқушылары тақырыпқа байланысты мазмұнды видеоролик әзірледі. Видеороликте қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау, мектеп мүлкін қорғау, айналаға жанашырлықпен қарау мәселелері қамтылды. Оқушылар өз ойларын шығармашылық түрде жеткізіп, қоғам мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығын көрсетті.

Шара тәрбиелік мәнге ие болып, оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етті. Сынып жетекшісі:Мукушева А.С.

https://www.instagram.com/reel/DVaEMpkiDR6/?igsh=aDFqOGN4Yjk1ODgy

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: