Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алғыс – ізгі ниет" тақырыбында сынып сағатты өтті
02
март
2026

"Алғыс – ізгі ниет" тақырыбында сынып сағатты өтті

2026 жылдың 2 наурыз күні 1–11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:

  • «Алғыс – ізгі ниет»
  • Қауіпсіздік сабағы (10 минут)
  • «КӨМЕК» жобасы (10 минут)
  • Құқықтық білім беру (10 минут)

Сынып сағатының мақсаты – білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін арттыру, өзара көмек көрсету дағдыларын дамыту және құқықтық сауаттылығын жетілдіру.

«Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында оқушылар алғыс айтудың маңызы туралы ой бөлісіп, ризашылық білдірудің қоғамдағы орны туралы пікір алмасты. Қауіпсіздік сабағында оқушыларға мектептегі және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. «КӨМЕК» жобасы аясында өзара қолдау көрсету, қиын жағдайда бейжай қалмау мәселелері талқыланды. Құқықтық білім беру бөлімінде оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сынып сағаты тәрбиелік мәні зор, мазмұнды әрі жүйелі түрде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: