06
март
2026
«Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара
2026 жылдың 6 наурыз күні Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана – өмірдің шуағы» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – аналарға деген құрмет пен алғыс сезімін білдіру, әйел-ананың қоғамдағы рөлін дәріптеу, оқушылардың адамгершілік және рухани құндылықтарын дамыту.
Мерекелік кеш барысында оқушылар аналарға арналған жүрекжарды өлеңдер оқып, ән айтып, сахналық көріністер қойды. Іс-шара өте әсерлі әрі мазмұнды өтіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Мерекелік іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, белсенділік танытқан 10 «Ә» және 10 «Б» сынып оқушылары болды. Сынып жетекшілері: Сағынаева Ж.С., Конурбаева С.М.
