15 наурыз – Қайырымдылық күні
2026 жылдың 15 наурызы – Қайырымдылық күні қарсаңында 2 «Ә» сынып оқушылары мен ата-аналарының қатысуымен қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында Алматы қаласы Білім басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, қайырымдылық көмегі көрсетілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру және қайырымдылық мәдениетін насихаттау.
Қайырымдылық акциясы аясында 2 «Ә» сынып оқушылары мен ата-аналары бірігіп, орталықтағы балаларға арналған киім-кешек, тәттілер, ойыншықтар және басқа да қажетті заттарды жинап, табыстады. Сонымен қатар ата-аналар орталықтағы балаларға жылы лебіздерін білдіріп, оларды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Іс-шара барысында сынып жетекшісі Ақселеу Нұрболатқызы оқушыларға қайырымдылықтың мәні мен маңызын түсіндіріп, мұқтаж жандарға көмектесу, жақсылық жасау әр адамның адамгершілік парызы екенін атап өтті.
Аталған қайырымдылық шарасы оқушылардың жүрегінде мейірімділік, жанашырлық және бөлісе білу сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етіп, тәрбиелік мәні зор іс-шара болды. Сонымен қатар, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға өз үлесін қосты.
Осындай игі іске атсалысқан барлық ата-аналарға, оқушыларға және қолдау білдірген жандарға шынайы алғыс білдіреміз.
https://www.instagram.com/reel/DV5l0rNiPBt/?igsh=MTd1Y3VyZzNwamxibA==