24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні
2026 жылдың 16 наурыз күні 1–11 сынып оқушылары сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аясында диктант жазды.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға туберкулез ауруының алдын алу жолдары туралы ақпарат беру, салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Диктант барысында оқушыларға туберкулездің таралу жолдары, оның алдын алу шаралары және денсаулықты сақтау туралы мәліметтер берілді. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың денсаулыққа қатысты білімдерін арттыруға назар аударылды.
Аталған іс-шара оқушылардың денсаулық туралы түсінігін кеңейтіп, аурудың алдын алу жолдарын білуіне ықпал етті. Іс-шара тәрбиелік және танымдық мәні бар жұмыс ретінде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.
