21
март
2026
«Балалар кітапханасы» жобасы
Көктемгі демалыс кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында бейнероликтер түсіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, шығарманың мазмұнын қысқаша таныстырып, шығармашылық тұрғыда бейнероликтер дайындады. Әр қатысушы кітаптың тәрбиелік мәнін ашып, оның адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, қатарластарына кітап оқудың пайдасын насихаттады.
Шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ой еркіндігін қалыптастыруға және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, оқушылардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік жасады.
