27
февраль
2026
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында рухани кездесу
Рухани кездесу: Саят Қамшыгер шығармашылығы – кітап пен кино кеңістігінде
Мектептебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Балалар кітапханасы” жобасын жандандыру мақсатында мазмұнды әдеби-танымдық сыр-сұхбат кеші өтті.
Кештің құрметті қонағы – ақын, аудармашы, педагог, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ҚР Мәдениет және ақпарат салаларының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгер. Кездесу барысында қаламгердің шығармашылық жолы, әдебиеттегі қолтаңбасы, аударма саласындағы ізденістері кеңінен сөз етілді. Әсіресе “Тастамашы, ана!” туындысының тағдырлы тақырыбы мен оның кино өнеріндегі көрінісі терең талданып, шығармадағы адамгершілік мұраттар, аналық мейірім мен ұлттық құндылықтар жайлы тағылымды ойлар ортаға салынды.
Жас оқырмандар үшін бұл жүздесу тек әдеби кеш қана емес, рухани сұхбат алаңына айналды. Олар қаламгерге сауал қойып, шығармашылық туралы сыр бөлісіп, кітап оқудың мәні мен маңызы жайлы ой түйді.
https://www.instagram.com/reel/DVS59zRCO8V/?igsh=MXVqczdtdHNweHp0ag==