Сынып сағаты
Мектептің тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай бағытталған сынып сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шаралар «Адал азамат», жеке қауіпсіздік, «Алматы – таза қала» және кәсіптік бағдар беру бағыттары аясында жүргізілді.
«Адал азамат» бағыты бойынша 1–7 сыныптарда Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл, 8–10 сыныптарда Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына 128 жыл тақырыптары қамтылып, 11 сыныптарда «Ата заң – мемлекет тірегі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға тарихи тұлғалардың еңбегі мен ел дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтер берілді.
Жеке қауіпсіздік бағыты бойынша 1–4 сыныптарда «Жол қауіпсіздігі ережелері», 5–7 сыныптарда «Кибербуллинг. Интернет қауіпсіздігі», 8–11 сыныптарда «Таза сана – таза әдет» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл сабақтар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
«Алматы – таза қала» бағыты аясында 1–4 сыныптарда «Көктемнің келуі», 5–9 сыныптарда «Үш R ережесі (азайту, қайта пайдалану, қайта өңдеу). Мейірімді қақпақтар», 10–11 сыныптарда «Алматы – ортақ үйіміз» тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Оқушылар экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын түсінді.
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша 1–4 сыныптарда «Менің болашақ мамандығым туралы арманым», 5–7 сыныптарда «Мен мамандықтар туралы не білемін?», 8–9 сыныптарда «Мамандықтар әлемі», 10–11 сыныптарда «Білім және кәсіп» тақырыптарында мазмұнды сынып сағаттары өткізілді.
Аталған іс-шаралар оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға, экологиялық мәдениетін арттыруға және болашақ мамандықты таңдауға бағыт-бағдар беруге ықпал етті.

