Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен таңдаған жол» атты республикалық сынып сағаты
07
апрель
2026

«Мен таңдаған жол» атты республикалық сынып сағаты

2026 жылғы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аясында оқушылар арасында «Мен таңдаған жол» атты республикалық сынып сағаттары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене белсенділігін арттыру және өз денсаулығына жеке жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылданудың маңызы туралы мәліметтер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларымен бөлісіп, салауатты өмір салтына қатысты пікір алмасты.

Аталған іс-шара оқушылардың денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастыруға, белсенді өмір салтын ұстануға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: