Алматы қаласы білім басқармасының
«№122 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 276-76-06
Есепші бөлімі:
+7(727) 277-32-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс пен тренинг
07
апрель
2026

«Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс пен тренинг

      2026 жылғы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аясында 8–10 сынып қыздарына «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында дәріс пен тренинг ұйымдастырылып өткізілді.

      Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздарға репродуктивті денсаулық туралы түсінік беру, ерте жүктіліктің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

      Дәріс бөлімін №6 қалалық емхананың гинеколог дәрігері Оракбаева Эльвира Жетпісбаевна мен мектептің мейірбикесі Мухамеджанова Зура Амиргаливна жүргізіп, қыз балаларға ерте жүктіліктің салдары, оның денсаулыққа, білім алуына және болашақ өміріне әсері туралы жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар, жеке гигиена, денсаулықты сақтау және алдын алу шаралары түсіндірілді.

     Тренинг бөлімін психологтар Исабаева Инкар Турсунбаевна мен Капезова Мөлдір Қайратқызы жүргізді. Тренинг барысында оқушылармен пікір алмасу, ситуациялық тапсырмалар және психологиялық жаттығулар ұйымдастырылып, олардың дұрыс шешім қабылдау, өзін-өзі қорғау және жауапкершілік дағдыларын дамытуға көңіл бөлінді.

      Аталған іс-шара оқушылардың денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануға және болашаққа саналы қадам жасауына ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: